$ 494.87  520.65  4.91

«Оның тамыр-танысы көп»: Ақтөбе облысында ер адам 3 жасар қызды зорлаған

Қыз бала психологиялық соққы алған, мұны психолог растаған.

Фото: Nemolchi.kz
Фото: Nemolchi.kz

Ақтөбе облысында 3 жасар қыз зорланған. Бұл туралы «Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің басшысы Дина Таңсәрі айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түнде бір әйел хат жазып,  үш жасар қызының зорланғанын хабарлады. Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарының үйінен келген соң, ағам денемді ауыртты деп жылаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер бала тексеріп, артқы жынысында 2 см жері жараланғанын растаған»,- дейді Дина Таңсәрі.

Фото: Nemolchi.kz

Оның айтуынша, қыздың анасы дереу полицияға арыз берген, алайда күдікті жазаланбай қалады деп қатты қорқады.

«Анасының сөзінше, күдікті бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істеген. Тіпті әкімдікте басшылық қызмет атқарған. Оны ауылда бәрі біледі, оның тамыр-танысы көп. Анасы тергеу әрекеттерінен қорқады, себебі ол өзінің және қызының өмірі үшін алаңдап отыр. Қыз бала психологиялық соққы алған, мұны психолог растаған», - дейді Таңсәрі.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, қазір аталған фактіге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, олардың қорытындылары бойынша заңды шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 11

Серіктес жаңалықтары