$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болған

Күдікті қызды мектептің кіреберісіндегі күзетші отыратын бөлмеге кіргізіп, тиісе бастапты.

Фото: Kaz.inform.kz
Фото: Kaz.inform.kz

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Білім беру ұйымының күзетшісі аулада ойнап жүрген кәмелетке толмаған қыздардың қасына барып, біреуін шақырып алған.

Күдікті қызды мектептің кіреберісіндегі күзетші отыратын бөлмеге кіргізіп, тиісе бастапты. 
 

Бұл масқара біздің мектепте болды. Күзетші — 52-53 жастағы адам. Қыз баланы кіргізіп алып, зорламақ болған. Абырой болғанда қыз қашып шықты. Далада ойнап жүрген балаларға барып, алдап ішке кіргізген», — дейді ата-аналардың бірі.
 

Зардап шеккен қыздың анасы полицияға шағым түсірді. 

Аталған мектеп те оқиғаны растады. Күзетші бірден қамауға алынған. Себебі, оның іс-әрекеттері бейнекамераға жазылған. Сондықтан күзет агенттігінің үстінен сотқа шағым берілді. 

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау