16.05.2024, 12:40

Өскеменнің 7 мектебінде оқушылар порновидео қараған

Фото: pixabay.com

Прокуратураның хабарлауынша бүгінде балалар әлеуметтік кеңістікті белсенді пайдаланушылары болып  табылады және мектептерде зиянды интернет сайттарға жиі кіреді.

ШҚО-да 56 мектепте балалар зиянды мазмұны бар контент парақшаларына еркін қол жеткізіп келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Прокурорлық тексеру нәтижесі облыстағы 56 мектептің 15 мыңнан астам оқушылары тыйым салынған интернет-контентке қол жеткізгенін көрсетті.

«Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында  порнографиялық сипаттағы сюжеттер іздестіріліп, қаралған. Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте букмекерлік кеңселердің (1хбет, олимп) сайттары қаралған. Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы түріндегі осы тектес бұзушылықтар Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп) Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) анықталды», - делінген ШҚО прокуратурасының хабарламасында.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы облыстың барлық мектептерінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау мәселесін көтеріп, облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіне қадағалау актісін енгізді (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі).

Прокуратураның хабарлауынша бүгінде балалар әлеуметтік кеңістікті белсенді пайдаланушылары болып  табылады және мектептерде зиянды интернет сайттарға жиі кіреді.

Осыған байланысты, ықтимал келеңсіз салдарды ескеріп, прокуратура органдары ата-аналардың назарын балалар қарайтын интернет-контентті қадағалап, олармен қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне аударады.