$ 494.87  520.65  4.91

Қызды аяусыз соққыға жығу сәті түскен видеоға қатысты полиция мәлімдемесі

Оны қою қызыл түсті көлікке күштеп отырғызбақ болған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында полицейлер бойжеткенді аяусыз соққыға жығу сәті түсіп қалған видео бойынша тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның қызды ерекше қатыгездікпен ұрып, оны қою қызыл түсті көлікке күштеп отырғызбақ болған сәтін түсіріп алған куәгерлердің видеосы тарап жатыр.

Оқиға 13 мамырға қараған түні болған.

Кадрда қыздың ер адамның қолынан сытылып шығуыға тырысқаны, бірақ әрбір әрекеті үшін таяқ жегені көрсетілген.

Кадрларда қызды отырғызбақ болған көліктің жүргізушісі еш әрекет жасамағанын көруге болады.

Дерек бойынша 2024 жылдың 13 мамырында Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Әзірге зардап шеккен қыздың бен ұсталған ер адамның туыстық байланысы бар-жоғы белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 8

Серіктес жаңалықтары