$ 475.39  513.37  5.4

Қызылорда облысында төбелестен бір жасөспірім көз жұмды

Тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Фото: qaz365.kz
Фото: qaz365.kz

Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында төбелес салдарынан бір жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Қазір бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Күдікті ретінде екі жасөспірім қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Іс Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында», - деп хабарлады полициядан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары