Полицейлер жаппай автошеру ұйымдастырған бір топ жасты ұстады.
Алматы облысында жас түлектер көліктің терезесінен басын шығарып, жол ережесін бұзған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түлектердің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды.
24 мамырда Алматы облысында бір топ жастың көлік жүргізіп, төтенше жағдай туғызған видеосы пайда болды. Кортежде бес көлік болды, олар терезеден денелерін шығарып, жолдың қарсы бетіне шығып, басқа көліктерге кедергі келтірді.
Алматы облысы ІІД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқу жылының аяқталған тойлап, жаппай автошеру ұйымдастырған бір топ жасты ұстады.
Тексеру барысында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзушыларға 16 әкімшілік хаттама толтырды. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, олар 18-ге енді толып, жүргізуші куәлігін жақында алған.
"Біз түлектердің оқу жылының аяқталуын тойлағанын түсінеміз, бірақ жол қозғалысына қауіп төндірмеу үшін мұндай шаралар заң аясында өтуі керек", – деді Алматы облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.
Тәртіп бұзушылардың көліктері ұсталып, айыппұл бекетіне орналастырылды. Енді олар әр хаттамаға сай айыппұл төлейді.