Бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.
Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Жарақат алған бүлдіршін Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТЖМ мәліметінше, бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Оқиға 25 мамыр, сенбі күні түстен кейін жеке үйдің аумағында болған.
Бүлдіршін түрлі жарақат алып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.