Полиция департаменті көп ұзамай қыздардың ұсталғанын мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде мектеп бітірген қос қыздың жігітті аяусыз ұрып, тепкілеген сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қыздар видеоны түсіріп, парақшаларына жүктеген. Видеодан қыздардың жанында тағы бір жігіттің бар екені байқалады. Оқиға Алматыда орын алғаны белгілі.
Полиция департаменті көп ұзамай қыздардың ұсталғанын мәлімдеді.
Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазір олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.