$ 487.24  529.34  5.02

«Тарақан мен тышқан қаптады»: Астанада колледж студенттері дабыл қақты (ВИДЕО)

Олар бізді «қышыманы қайдан жұқтырсаңдар, сонда барыңдар» деп қуып шықты.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елордадағы колледждің жатақханасын тарақандар қаптаған. Студенттер тіпті, тышқандар өріп жүретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеожазбаның авторы тарақандар өріп жүрген бөлмені көрсетіп, оны Астана кәсіптік-техникалық колледждің жатақханасы екенін айтқан.

«Мен Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжіне шағымданамын. Жатақханада тарақандар бар деп айтқан едік. Олар улаймыз деген болатын. Біз әр адам бөлмеге 10 мың теңгеден төлеп тұрып жатырмыз. Тарақандар төсегімізде қаптап жүр. Кейбір адамдар қышымаға шалдықты. Олар бізді «қышыманы қайдан жұқтырсаңдар, сонда барыңдар» деп қуып шықты. Мұнда тышқандар да өріп жүреді, өте көп», - дейді видео авторлары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары