$ 495.2  522.34  4.94

Алпысты алқымдаған ер адам 12 жастағы немересін зорлап келген

57 жастағы ер адам - қыздың әжесінің азаматтық некедегі күйеуі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысында 57 жастағы ер адам 12 жастағы қызды зорлап келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

BAQ.KZ  сайтының жазуынша, бұл туралы "Немолчи.кз" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім еткен.

57 жастағы ер адам - қыздың әжесінің азаматтық некедегі күйеуі. Бір қызығы қыздың әжесі немересін емес, күйеуін қорғау үшін адвокат жалдаған екен.

Ол қыздың әжесімен бірге 15 жыл бойы отасып келеді. Яғни, қызды дүниеге келген кезінен біледі. Биылғы жылдың қаңтарынан бері бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық оқиғасы болған: басында қызбен сүйісуге әрекет жасаған, кейін қыздың киімінің ішіне қол жүгірткен, ең ақырында іш киімін шешкен, - дейді Дина Таңсәрі.

Қаскөй жас жеткіншекті "Егер біреуге айтсаң, саған да анаңа да жаман болады" деп қорқытқан. 13 сәуірде ер адам қызбен бірге әжесінің пәтерінде оңаша қалып, шешініп тастаған. Ол қыздың анасы кешке дейін жұмыс істейтінін білген. Дәл сол сәтте қыз тыр жалаңаш ер адамды суретке түсіріп үлгерген. Ал кешке қарай анасына осы суретті көрсетіп, барлығын жайып салған. Анасы бірден полицияға хабарлаған.

Қазір күдікті қамауда. ҚР ҚК 121-бабы, 4-бөлігі бойынша, яғни кәмелет жасына толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Таңсәрі.

"Немолчи.кз" қорының жетекшісі Қостанай облыстық полиция департаментіне және прокуратурасына жүгініп, аталмыш істі қатаң бақылауға алып, бала құқығын қорғауды сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 41

Серіктес жаңалықтары