$ 494.87  520.65  4.91

Жезқазғанда 5 жасар бала бір топ адамды көлікпен қағып кетті (ВИДЕО)

Жол апаты салдарынан көз жұмғандар жоқ. 

Жезқазғанда бес жасар бала өтіп бара жатқан адамдарды көлікпен қағып кетті, деп Skifnews.kz ақпарат порталы etozhez парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға «Гранд Палас» ресторанның жанында орын алған, төрт адам зардап шекті.

Белгілі болғандай, бес жасар бала көлікті қол тежегішінен алып тастаған. Салдарынан көлік жаяу жүргіншілер тобын қағып кеткен.

«Аталған факті полицияда тіркелді. ЖКО салдарынан көз жұмғандар жоқ. Осыған қарамастан, түрлі дене жарақаттарын алған 4 жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Ал Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 5 адам зардап шекті. Бәрі тірі. Ішкі ағзалардың түрлі жарақаттары бар үш әйел адам амбулаториялық-емханалық емдеуде, ал төрт қабырғасы сынған ер адам травматология бөліміне жатқызылды.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің арасында бала бар, ол бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасында бұл көлікте болған бала ма, жоқ па, оны айтпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары