$ 495.2  522.34  4.94

Ақмола облысында студентті өзін-өзі өлтіруге жеткізген 11 адамға үкім шықты

19 жасар Роман Бодаговтың денесі теміржол рельсінен табылған. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне және басқа да кісілерді бопсалау бойынша кінәлі деп танылған  11 адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Оларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды.

Деректерге сай Бурабай ауданында сотталушылар ұзақ уақыт бойы 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін (жалпы сома 1 140 000 теңге)  ақша бопсалаған. 

Сонымен қатар, екі сотталушы "Н." және "А." жәбірленуші "Б."-ні өзін-өзі өлтіруіне жеткізген.

Жасалған әрекеттеріне байланысты, сот жеті сотталушыны 4 жылдан 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырып, үшеуіне 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеді. Кәмелетке толмаған "Ш." жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион 140 000 теңге қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді. 

Сонымен қатар, сот басты талқылай келе тәртіп бұзылғаны үшін полиция департаментінің, әкімінің атына жекеше қаулылар шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, өткен жылы күзде 19 жасар Роман Бодаговтың денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған.

Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары