$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жаппай төбелес ұйымдастырғандар видеоға түсіп қалды

Әлгі видеода бір адамның қолы қан-қан екені анық көрініп тұр.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Алматыда мопед және автокөлік жүргізушілерінің арасында төбелес болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сүйенсек, оқиға «Алматы City Plus» тұрғын үй кешенінің маңында болған. Әлгі видеода бір адамның қолы қан-қан екені анық көрініп тұр.

«Оқиға 27 мамырда кешкі сағат 9-да болды. Автокөліктің иесі, азаматтық белсенді А. апаттан кейін бірден басына арматурамен соғылды (мопед Toyota Land Cruiser бамперін тырнап алды). Төбелестен кейін, куәгерлердің айтуы бойынша, бұзақылар қашып кетті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді», – делінген әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары