30.05.2024, 19:00

Түркістан облысында 7 жасар баланың мәйіті табылды

Фото: ТЖМ

Өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу.

Түркістан облысының құтқарушылары суға батқан баланың денесін тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылы туған баланың денесі Төлеби ауданының Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылды. Өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу.

Ведомство өкілдері ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды қатаң бақылауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді.