Сағат 9:20 шамасында 102 пультіне жол апаты туралы шақырту түскен.
Ақтауда баланы көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды https://sn.kz/Skifnews.kz ақпарат порталы.
Lada.kz басылымының дерегінше, бала өтуге болмайтын жерден жолды кесіп өткен болған. Сол кезде көлік қағып кеткен.
Оқиға 19-шағын ауданға қарама-қарсы тас жолда болды.
Сағат 9:20 шамасында 102 пультіне жол апаты туралы шақырту түскен.
«2014 жылы туған бала балалар ауруханасына жатқызылды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деді жергілікті ПД өкілі.
Ал желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.