$ 494.87  520.65  4.91

Әкім сыйлаған арақтың кесірі: Павлодарда ер адам үйін де, әйелін де өртеп жіберді

Бұл туралы аталған ауданның прокуратурасынан хабарлады.

Фото: bulnews.bg
Фото: bulnews.bg

Ауылдық округтің әкімі Жеңіс күнінде жергілікті тұрғынға ішінде бір бөтелке ішімдігі бар азық-түлік себетін сыйлаған. Әлгі азамат әкім берген араққа сылқия мас болып, абайсызда үйін өртеп жіберген. Өкінішке қарай, сол уақытта үйде болған азаматтың жұбайы да тілсіз жаудың құрбаны болып кете барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Келеңсіз оқиға Павлодар ауданының Григорьевка ауылдық окргінде болған. 

«Павлодар ауданына қарасты ауылдық округтердің бір әкімі Жеңіс күнінде ішіне азық-түлік және 0,5 көлеміндегі арақ салынған себетті жергілікті тұрғынға сыйлаған. Азамат – Ауған соғысының ардагері. Ол әлгі араққа мас болып, байқамай үйін өртеп алған. Тап сол уақытта әйелі үйде болған. Әйел адам тілсіз жаудың салдарынан қаза тапты», -деп мәлімдеді аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Опабеков.

Прокурорлар округ әкімінің мұндай оспадар қылығы моральдік нормаларға қайшы келетінін жеткізді. Аудан прокуратурасының актісі бойынша ауылдық округ әкімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары