$ 478.96  533.03  5.22

Қызылордада белгісіз біреу үш оқушыны пышақтап тастаған

Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

5 маусымға қараған түні Қызылорда қаласындағы Момышұлы көшесінде орналасқан мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, қашып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.

Қызылорда облысының ПД болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жауап берді полиция.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары