$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жүкті әйелдің ішіне пышақ сұққан

Мұны нақты кім жасағаны әзірше белгісіз.

Фото: sq.com.ua
Фото: sq.com.ua

Шымкентте №2 қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен жүкті әйел жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленушінің жасы 30-да, ол ішінен жарақаттанған. Мұны нақты кім жасағаны әзірше белгісіз. Абырой болғанда, жарақат терең емес және балаға қауіп жоқ. Қазіргі уақытта зардап шегушіге операция жасалды.

«Ол жедел жәрдеммен жеткізілген кезде есін біліп жатты. Тексеру барысында оның жүкті екені анықталды, бірақ мерзімі өте кішкентай. Қазір жағдайы қанағаттанарлық», — деді OTYRAR журналисіне ақпарат берген инсайдер.

Аурухана қызметкерлері зардап шегуші туралы ақпаратты Шымкент қаласының полиция департаментіне жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары