$ 498.34  519.72  4.85

«2500 есекті не үшін ұстайды?»: Журналист есектердің өлексесін айтып, дабыл қақты

Міне, мұнда ешек өлген, иісін айта алмаймын. Дүкеннен ет алуға қорқатын болдық қой.

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Журналист Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақтерек ауылындағы есек көптігін айтып, дабыл қақты. Оның айтуынша, өліп жатқан есектер де бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Біз қазір Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылындамыз. Мұнда қараңыздаршы қаншама есек десек те, ешек десек те толып жүр. Мына жерде 2500 мың есек бар екен. Мұнда өліп жатқандары да бар. Мұнау не сұмдық? Мынаны ешкім тексермей ме? Қадағаламай ма? Мынау деген сұмдық. Міне, мұнда ешек өлген, иісін айта алмаймын. Бұл есектерге неге, не үшін ұстайтындарын білмеймін. Дүкеннен ет алуға қорқатын болдық қой», - деді журналист.

Әлгі видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі  есектің етін қытайларға сатады десе, енді бірі «ет комбинаттарына немесе дүкендерге өтіп кетіп жатқан жоқ па?» деп алаңдап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 11

Серіктес жаңалықтары