$ 495.2  522.34  4.94

«Соқ оны!»: Алматыда оқушылардың өрескел әрекеті видеоға түсіп қалды

Ведомство жасөспірімдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған ата-аналары жауапкершілікке тартылғанын айтты. 

Фото: Жамбыл облысыны ПД
Фото: Жамбыл облысыны ПД

Қатты әрі қауіпті жылдамдықпен көлік жүргізген оқушылардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Балалар бұл ерсі әрекетін өздері видеоға түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың бұл әрекеттері үшін ата-аналары жауапқа тартылды.

Жүргізушінің жанында отырған жасөспірім видео фонында боқауыз сөз айтып, адам қаққысы келетінін жеткізген.

«Біз оның анасы ұлының не істеп жатқанын біледі деп ойлаймыз. Жасөспірімдердің ата-аналары ұлдарын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін атқара бастауы үшін қанша жазықсыз балалар өлуі керек?», – делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі оқушылардың бұл әрекетіне қатысты түсінік берді.

«Жергілікті полиция қызметінің өкілдері құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдады. Әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство жасөспірімдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған ата-аналары жауапкершілікке тартылғанын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары