Видеода күйеуі әйелін дер кезінде ақшаны аудармағаны үшін кінәлап, балағаттап жатыр.
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылындағы жатақханада күйеуі әйелін аяусыз сабап жатқан видео тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға Шамалған ауылының Домалақ ана көшесіндегі жатақханада болған.
Видеода күйеуі әйелін дер кезінде ақшаны аудармағаны үшін кінәлап, балағаттап жатыр.
Мен айтқан кезде ақшаны неге аудармадың? Мен не істедім саған? Қолыңда тұр ғой, аудар дегенде, аудармайсың ба? Бір күн бойы аудармадың ғой сен, - деп күйеуі әйелін балағаттап жатыр.
Әйелі ақшаны аудармаған себебін айтып, ақталып жатыр.
Мен сен жазған кезде автобуста өзімді жайсыз сезініп отырдым. Келген соң аударар едім ғой, - дейді әйелі жылап.