07.06.2024, 19:20

Шымкентте тұрақта тұрған екі көлік өртеніп кетті

Фото: ТЖМ

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Шымкент қаласында автокөлік бөлшектерін сататын нарықтардың бірінде автотұрақта 2 жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өрт шақыру түскен сәттен бастап 17 минут ішінде жойылды.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.