08.06.2024, 13:30

«Жағдайы ауыр»: Петропавлда төрт жасар бала терезеден құлады

Фото: Pixabay

Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Петропавлда төрт жасар ер бала 5-қабаттан құлап кеткен. Қазір ол ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпаоат порталы Qyzyljarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға маусымның 7-сі күні түс кезінде Петропавлдағы Береке ықшам ауданында болған. Қазір төрт жасар баланың өмірі үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері күресіп жатыр.

«Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Қазір өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.