$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысында 21 жастағы жігіт суға батып көз жұмды

ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан әкесін құтқарды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде "Шора" каналында 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті. Қайғылы оқиға шомылуға жабдықталмаған жерде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан әкесін құтқарды. Ал баласы – 21 жастағы тұрғынның денесі жедел құтқару жасағының күшімен, жағадан шамамен 130 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдіктен табылды.

«ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды», – деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігінен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары