$ 480.55  533.75  5.36

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жол үстінде екі көлік соқтығысқан.

Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы оқиға орнында, ал көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 9 маусымда болған.

«Түнгі сағат 00:30 шамасында Мақат ауданындағы Доссор кентінен Құлсары қаласына қатынайтын жолдың 92-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол үстінде екі көлік соқтығысты. Оның бірі – жүк көлігі. Екіншісі – Nissan Teana жеңіл көлігі. Жол апатының салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары