$ 494.87  520.65  4.91

«Клиникалық өлімді бастан кешкен»: Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр. 

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 9 маусымда болғанын мәлім етті.

Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына “полисегментальды пневмония” диагнозымен жатқызылды. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ дәрігерлер сарбаздың кеуде қуысында жарақаты бар екенін айтады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бас әскери прокуратура алты айдан бері комада жатқан сарбаздың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Әскерилер шындықты айтқаны үшін сарбаздың анасын пәтерден қуып шыққан

«Миының жарты бөлігін алып тастаған»: Алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік таппай шырылдап жүр

«Лейтенант ұрып, өз жұмысын істеткен»: Қаза тапқан сарбаздың туысы жанайқайын айтты

«Күнде бастан ұрып, ішімізден тебеді»: Әскерде әлімжеттік көрдім деген 20 жастағы сарбаздың ісін тоқтатқан

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары