Тoyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.
Бүгін, 12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында жол-көлік апаты тіркеліп, салдарынан 4 адам мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы облысы полициясының хабарлауынша, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.
«Салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әр түрлі дене жарақаттымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді ПД баспасөз қызметінен.