13.06.2024, 17:00

«Аспанның қаһары»: Көктөбе телемұнарасын найзағай соқты (ВИДЕО)

Фото: : instagram.com/shavarev_

 «Біз найзағайдан электр қуатын жинаудың амалын табуымыз керек».

Көктөбе телемұнарасына найзағай түскен. Әлеуметтік желіде мұнараны найзағай соққан сәт түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала тұрғындары мұндай күн күркіреуді естімегелі көп болғанын айтады. Фотограф Александр Шаварев Көктөбедегі телемұнараны найзағай соққан сәтті видеоға түсіріп үлгерді. Ол Instagram-дағы парақшасында ерекше көрініс түсірілген видеоны жариялады.

«Көктөбе телемұнарасына найзағай түсті, 13.06.2024», - деп жазды ол видеоның сипаттамасына.

Әлгі видеоны көрген желі қолданушылары: «Әдемі әрі қорқынышты», «Аспанның қаһар», «Біз найзағайдан электр қуатын жинаудың амалын табуымыз керек», - деп жазды.