$ 473.15  515.12  5.4

Қаскөй елорда тұрғынын темекі бермегені үшін пышақтап тастаған

Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Астанада темекі бермегені үшін жәбірленушіні пышақтаған азамат  9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше,оқиға түнгі клубта болған.

"Кінәлі мас күйінде жәбірленушіден темекі сұраған, бас тартқан соң, оның өмірлік маңызды органдарына пышақпен көптеген дене жарақатын салған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келді", — делінген хабарламада.

Жәбірленуші жедел медициналық көмектің арқасында аман қалған.

"Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді. Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды", — дейді елорда прокуратурасынан.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура кез келген жанжалдың салдары тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары