«Мен биліктен бұл оқиғаны шешуді талап етемін, өйткені өз өмірім үшін және басқа адамдардың өмірі үшін алаңдаймын», - деді қыз.
Өскемен қаласының тұрғыны көшеде белгісіз ер адамның айқайлап артынан қуғаны туралы айтып берді. Ер адамның қолында пышақ болған және ол «секс хана» деп айқайлай берген, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін кешкі сағат 17:50-де мен Өскемен қаласындағы Промышленная көшесімен велосипедпен келе жатқанымда, ауланың бұталарынан пышақпен бір ер адам жүгіріп шығып, мені қуа бастады. Ол бірнәрсе айқайлады, алайда түсініксіз. Мен одан қашып үлгердім және полиция шақырдым», - дейді қыз.
Тәртіп сақшылары 10 минутта келген. Ер адамды ұстап, оның қолындағы пышақты қыздың көзінше тәркілеген.
«Мен ер адамға қатысты шағым жаздым. Оның психоневрологиялық диспансер есебінде тұратыны анықталды. Ол менің артымнан «секс хана» деп айқайлап жүгірген екен. Полицейлер оның маған шабуыл жасаған себебі мені қатты ұнатқанынан деп түсіндірді», - дейді қыз.
Полиция ер адамды ұстап, алып кеткен. Алайда, сол күні кешкі сағат 22:00 шамасында жәбірленуші оны қала көшелерінен тағы кездестірген.
«Қаланың басқа аймағында, аялдамада, адамдар арасында кездестірдім. Яғни, қоғамға қауіпті адам 4 сағаттан кейін босатылды! Мен биліктен бұл оқиғаны шешуді талап етемін, өйткені өз өмірім үшін және басқа адамдардың өмірі үшін алаңдаймын», - деді қыз.
Полиция шабуылдаушыға әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.
Аталған факт бойынша ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Осыдан кейін оған қатысты әкімшілік хаттама жасалып, сотқа жолданды, - деп хабарлады ШҚО ПД.