$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда әйелінің мойнына бірнеше рет пышақ сұққан ер адам әлі табылмады (ВИДЕО)

Қаскөй баспалдақтың астына тығылып, күтіп тұрған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атырауда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам азаматтық некедегі  әйеліне пышақпен шабуыл жасап, бірнеше жерден жарақаттаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жантүршігерлік оқиға 9 маусымда болған. Күдіктінің қылмыстық әрекеті видеокамераға түсіп қалған.

33 жастағы әйел дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Қаладағы ірі супермаркеттің дәретханаға шығатын жолы подьезде орналасқан екен. Қаскөй баспалдақтың астына тығылып, күтіп тұрған. Әйелдің шыққанын көргенде сұлатып, мойнына бірнеше жерден пышақ сұққан. 

Ақпарат  қоғам белсендісі, «Немолчикз» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Қызға ер адам пышақпен шабуыл жасады, болжам бойынша, күдікті оның бұрынғы жігіті. Ол оған бірнеше рет пышақ сұққан, оның біреуі – терең. Оның тамақ аймағында пышақты қалай баяу жүргізгенін мұқият қараңыз. Сондай-ақ оның баспалдақтың астында жасырынып, оны күтіп тұрғанына назар аударыңыз, - делінген жазбада.

Артынша полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болғанын мәлімдеді.

Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінің дәлізінде ер адам 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған. Қазір 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - деп хабарлады Атырау қаласындағы № 1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Байтенов. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Қазір жәбірленуші ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары