$ 479.38  531.63  5.27

Ақтауда түнгі клубтан шыққандар қан-жоса болғанша төбелескен (ВИДЕО)

Оқиға орнында қан іздері көп.

Фото: Sputnik / Анна Соловьева
Фото: Sputnik / Анна Соловьева

Әлеуметтік желіде түнгі клуб маңындағы төбелестен кейінгі қан-жоса болып жатқан көшенің видеосы тарады. Instagram-дағы 911.aktau парақшасындағы видео сипаттамасында бұл Ақтау қаласы, 8 ықшам аудан екені айтылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Кеше, шамамен таңғы сағат 04:30-05:30 аралығында 8 ықшам ауданда төбес болды, көшеде қан іздері көп. "Алтынфуд" ғимараты маңында түнгі клубтан шыққандар төбелескен, одан кейінгісі белгісіз", - делінген видео сипаттамасында.

Lada.kz басылымы оқиға орнына бірнеше полиция көлігі болғанын растайды. Оқиға орнында қан іздері көп.

Полиция департаменті бір күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды", - деп атап өтті ведомстводан.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары