17.06.2024, 15:20

«Пышақтап тастап, жайбарақат демалып отырған»: Павлодарда жантүршігерлік кісі өлімі болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Осыдан кейін шабуылшы қолында қанды пышақпен орындыққа жайбарақат отырған.

Әлеуметтік желіде Мүткенов көшесінде қолында пышағы бар ер адам екінші адамға пышақ салғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Криминальный Казахстан" телеграм-арнасының жазуынша, ер адам белгісіз себеппен бөтен адамның тамағынан пышақтаған. Осыдан кейін шабуылшы қолында қанды пышақпен орындыққа жайбарақат отырған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталған.

– Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Жарас Ибраев.