Видеодан байқасаңыздар, тіпті, олар қызды аямай кезектесіп жұдырықтап, одан қалса тепкілеп жатқынын көруге болады.
Журналист Данияр Есен әлеуметтік желіде бір топ қыздың бойжеткенді жабылып ұрып-соғып жатқан видеомен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеодан байқасаңыздар, тіпті, олар қызды аямай кезектесіп жұдырықтап, одан қалса тепкілеп жатқынын көруге болады.
Оған қоса, өздері сол әрекеттерін видеоға түсіріп тұр.
«Мен бүгін қатты айтамын. Ренжімеңіздер.
Жәй айтқанды түсінбейтін әйелдер де, еркектер де бар екен.Кеше 2 видео көрдім.
Біреуі Атырауда болған. Екі дал@ан иттің үстіне бензин құйып жіберіп, тірідей өртеп жіберген. 17, 21 жастағы «жігіттер».
Видеоны көріп отырып, “Қалай, мүмкін емес қой» - дедім.
Бесіктен белі шықпай жатып, не деген қатыгездік дедім. Бүгін итті тірідей өртеген адам ертең
Адамды да өлтіре салу оларға дым емес. Олар қоғамға өте қауіпті! Соттау керек», - деп жазды журналист Данияр Есен.