$ 480.55  533.75  5.36

Алматыда автобустың астында қалып қойған әйелдің шығарылып жатқан видеосы тарады

Жедел жәрдем мамандары көмек көрсеткен.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы қаласында Атакент маңында жаяу жүргінші автобустың астына түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, екі адам зардап шеккен. Видеодан автобустың астынан әлсіреген әйелдің денесі шығарылғанын көруге болады.

Сондай-ақ жедел жәрдем мамандарының көмек көрсетіп жатқаны да түсірілген.

Видео авторы жолаушылар автобусының ішінде тағы бір зардап шеккен кісінің жатқанын айтады.

Бірақ оқиғаның анық-қанығы жайында әзірге толық ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары