25.06.2024, 10:40

Батыс Қазақстанда отқа оранған көліктен бірден үш адамның мүрдесі табылды

Фото: Pixabay

Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранған.

Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, жеңіл көлік отқа оранды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ПД мәліметінше, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында болды.

«Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.