Серуендеуге шыққан отбасы нөсер жаңбырдың астында қалған.
Атырауда кеше жеті жасар қыз баланы ескерткіш басып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Серуендеуге шыққан отбасы нөсер жаңбырдың астында қалған. Бұл сәтте олар Жеңіс саябағында жүрген. Жеті жастағы қыздың үстіне ҰОС ардагерінің ескерткіші құлаған.
Бала алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасының реанимациясында қайтыс болды, - делінген хабарламада.