01.07.2024, 10:20

Қырғызстандағы сел: тағы екі қазақстандық бала өлі табылды

Фото: Kaktus.media

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр.  

Қырғызстандағы сел кезінде тағы екі қазақстандық бала өлі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 бала - Қазақстан азаматының денесі табылған.

Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр. 

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр.  

Жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізілетін болады.