$ 480.63  535.13  5.27

Астанада жазғы кафе өртке оранды (ВИДЕО)

60 ш.м. алаңды шарпыған өрт толығымен сөндірілді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Астананың сәніне айналған құмыра пішінді мейрамхананың жанындағы жазғы дәмхана өртеніп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Б.Момышұлы даңғылы бойында орналасқан «Кувшин» мейрамханасының жанындағы жазғы дәмханадан өрт шыққан.

Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамынан 15 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылған. 

Сағат 16:32-де ТЖМ күшімен 60 ш.м.алаңды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Өрттің себептері анықталуда.

Зардап шеккендер жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары