Ал прокурор жаза ретінде әртісті Әкімшілік кодекстің 434-бабы, 2 бөліміне сәйкес, 15 тәулікке қамауға алуды жөн көрді.
Бүгін Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайрат Нұртас судьядан алдағы күндері өзінің гастрольдік жоспары бар екенін айтып, қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрады. Алайда прокурор Қайрат Нұртасты ұшақтағы оқиға үшін 15 тәулікке қамауға алуды талап етті.
Сағат 14:30-да сот үкімімен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды.
Айта кетейік, сотта Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыровтың арасындағы ұшақтағы төбелестің мән-жайы анықталды. Әртіс өз кінәсін мойындады.