60 ш.м. алаңды шарпыған өрт толығымен сөндірілді.
Астананың сәніне айналған құмыра пішінді мейрамхананың жанындағы жазғы дәмхана өртеніп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Б.Момышұлы даңғылы бойында орналасқан «Кувшин» мейрамханасының жанындағы жазғы дәмханадан өрт шыққан.
Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамынан 15 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.
Сағат 16:32-де ТЖМ күшімен 60 ш.м.алаңды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Өрттің себептері анықталуда.
Зардап шеккендер жоқ.