$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда жағажайға түскен найзағайдан шетелдік турист мерт болды

Ресейлік әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Фото: Astana.tv
Фото: Astana.tv

2024 жылы 7 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында Ресейден келген 40 жастағы турист әйел мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Мой город" порталының мәліметінше, қайғылы оқиға найзағай жарқылдап, күн райы бұзылған кезде болған.

Ресейлік әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.

"Сарыөмір ауылдық дәрігерлік амбулаториясының кезекші бөліміне 7 шілдеде сағат 17:13-те шақырту келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен фельдшер медицина қызметкерлері келгенге дейін әйелдің көз жұмғанын тіркеді. Өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

2024 жылы 7 шілдеде БҚО-да дауыл соғып, қатты жел ағаштарды құлатты, бірнеше үйдің шатырын жұлып  әкетті, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды.

Жамбыл облысында 7 шілдеде кешке жауған нөсер жаңбыр төтеншеліктерді түні бойы әуреге салды. Таудан аққан лай су 20-дан астам үй мен 200 ауланы басып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары