$ 494.87  520.65  4.91

«Биыл ғана мектеп бітірген»: Атырауда төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

17 жастағы жігіттің өліміне 2005 жылы туған жас жігіт күдікті ретінде танылды.

Фото: © Sputnik / Анна Соловьева
Фото: © Sputnik / Анна Соловьева

Атырау облысының Махамбет ауданында жанжал соңы өліммен аяқталды. Жасөспірім 18 жастағы жігіттің қатты соққысынан кейін құлап, орнынан қайта тұрмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Zakon.kz жауынша, қайтыс болған жігіт – Сарытоғай ауылының тұрғыны және биыл ғана мектепті бітірген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жігіт белсенді және өте мейірімді болған. Қатарластарымен арадағы жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. 17 жастағы жігіттің өліміне 2005 жылы туған жас жігіт күдікті ретінде танылды.

Бұл туралы Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

"17 жасар жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша 2005 жылы туған күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары