Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде.
2024 жылдың 20 шілдесінде таңғы сағат 04:10 YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай орын алды. № 1 пештен кенеттен жалын шығып, нәтижесінде кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмыскерлердің барлығы ауруханаға жеткізіліп, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде.
Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу нәтижесінде абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.