Қайғылы жағдай 19 шілдеде Ақкөл ауданында болған.
Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім қыз асылып қалды. Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 19 шілдеде Ақкөл ауданында болған.
«Қазіргі кезде 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деді ведомстводан.