$ 479.38  531.63  5.27

Қызылорда облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: shadr.info
Фото: shadr.info

Қызылорда облысында жол-көлік апатынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, бес адам дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 20 шілдеде «Самара-Шымкент» тас жолының Сырдария ауданы Шаған елді мекені тұсында, болған.

«Тәжікстаннан Ресей мемлекетіне бағыт алған „Kia Rio“ автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағыттағы көлікке соқтығысып бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Бес адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары