$ 494.87  520.65  4.91

Майқайыңда іздестірілген соңғы құтқарушының денесі табылды

75 метр тереңдіктен табылған жүргізушінің денесі сараптамаға жіберілді.

Фото: Павлодар облыстық ТЖД
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Құтқарушының денесі жоғары көтеріліп, сараптама жүргізу үшін жедел тергеу тобына берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

–  Марқұмға иман байлығын берсін. Бүгін сағат 16.20-да «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде соңғы құтқарушы – жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылды. Қайғылы оқиғадан кейін жеті ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қаза болған жандардың туыстары сияқты біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық, – деді аймақ басшысы. 

Облыс әкімі жоғалған адамдарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген барлық жанға алғыс айтты. 

 Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде сағат 16:05-те экскаватордың көмегімен топырақты шығару кезінде 75 метр тереңдікте жүргізушінің денесі табылып, сараптамаға жіберілді. Жұмыстарға әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері тартылды. 180 мың тоннадан астам тау массасы шығарылды. Бұл шағын экскаваторға автобустың орналасқан жеріне түсіп, жұмысты бастауға мүмкіндік берді, – деді Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары