$ 494.87  520.65  4.91

Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған тағы бір қызметкер қайтыс болды

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Фото: Сanva.com
Фото: Сanva.com

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір қызметкер қайтыс болды. 25 жастағы жұмыскердің қаза болғанын денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары