Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Атырау қаласында 3 жасар бала субұрқаққа құлап, қайтыс болды. Оның аяғын циркулярлы насос қысып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға кеше, 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Атырау қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан 2021 жылғы баланың аяғы субұрқақ ішіндегі циркулярлы насосқа қысылып қалған. Соның салдары 3 жасар бала қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізу басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.