$ 518.14  537.57  5.27

Қарағанды облысында қатты желден автобус аударылып қалды (ВИДЕО)

Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Бүгін сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау — Ақтау — Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара — Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жолаушыларға полицейлер көмек көрсетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болды. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Бақытымызға қарай, зардап шеккендер жоқ.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Олардың өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары